
Батареяның қызмет ету уақытын ұзарту
Құрылғыдағы көптеген мүмкіндіктер қуаттың тұтынылуын көбейтіп,
батареяның қызмет ету уақытын қысқартады. Батареяның қуатын үнемдеу
үшін, мынаны есте сақтаңыз:
Анықтама іздеу
© 2010 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
12

● Bluetooth қосылым мүмкіндігін қолданатын мүмкіндіктер немесе осы
мүмкіндіктерді басқа мүмкіндіктерді пайдалану кезінде өңде іске қосып қою,
батарея қуатын көбірек жейді. Керек емес кезде Bluetooth қосылым
мүмкіндігін ажыратыңыз.
● Егер Пакетное подключ. > Когда доступно тармағын қосылым
параметрлерінен таңдаған болсаңыз және GPRS қосылымы болмаса,
құрылғы GPRS қосылымын орнатуға мерзімді түрде әрекет етеді.
Құрылғының жұмыс істеу уақытын ұзарту үшін, Пакетное подключ. > По
требованию опциясын таңдаңыз.
● Өз аймағыңызда ұялы желінің сигналы жететін ауқым әр түрлі болса,
құрылғы қол жетімді желіні қайта-қайта іздейді. Бұл батареяның қуат
тұтынуын көбейтеді.
● Дисплейдің артқы шамы батареяның қуат тұтынуын көбейтеді. Дисплей
параметрлерінде дисплей жарықтығын реттеуге және артқы жарық
өшірілгеннен кейінгі күту мерзімін өзгертуге болады. Меню > Параметры
және Телефон > Дисплей > Яркость немесе Тайм-аут подсветки
тармақтарын таңдаңыз.
● Бағдарламаларды өңде қосулы қалдырып қою, батарея қуат тұтынуын
көбейтеді. Пайдаланылмайтын қолданбаларға кіру үшін, мәзір пернесін
басып тұрыңыз және қолданбаны таңдаңыз.