Nokia 5228 - Кіру кодтары

background image

Кіру кодтары

Осы кіру кодтарының кез келгенін ұмытып қалсаңыз, қызмет провайдеріне

хабарласыңыз.
● Жеке идентификациялық нөмір (PIN) коды — Бұл код SIM картаны

рұқсатсыз пайдаланудан қорғайды. Әдетте PIN коды (4 - 8 сан) SIM

картасымен бірге беріледі. PIN кодын қатарынан үш рет қате енгізсеңіз, ол

құлыпталып қалады және оны ашу үшін PUK коды қажет болады.

● PIN2 коды — Бұл код (4 - 8 сан) кейбір карталармен бірге беріледі және

белгілі бір қызметтерге қатынасу үшін талап етіледі.

● Кілттеу коды (сондай-ақ, қауіпсіздік коды ретінде белгілі) — Кілттеу коды

құрылғыны рұқсатсыз пайдаланудан сақтандыруға көмектеседі. Алдын ала

орнатылған код — 12345. Осы кодты жасауыңызға және өзгертуіңізге,

сондай-ақ құрылғы параметрлерін код сұрайтын етіп орнатуыңызға

болады. Жаңа кодыңызды құпия, құрылғыңыздан бөлек жерге ұстаңыз.

Кодты ұмытқан жағдайда және құрылғы кілттеулі болса, құрылғыны жөндеу

керек болады. Қосымша ақы алынып, құрылғыдағы барлық жеке деректер

өшіріліп қалуы мүмкін. Толық ақпарат алу үшін Nokia Care орталығымен

немесе құрылғының сатушысымен хабарласыңыз.

● Жеке құлыптан ашу кілті (PUK) коды және PUK2 коды — Бұл кодтар (8 сан)

құлыпталып қалған PIN немесе PIN2 кодтарын өзгерту үшін қажет етіледі.

Егер кодтар SIM картасымен бірге берілмесе, сіздің құрылғыңызда

орналасқан желі қызметінің провайдерімен байланысыңыз.

● Халықаралық мобильді жабдық идентификатор (IMEI) нөмірі — Бұл сан (15

немесе17 сандық) GSM желісіндегі қол жетімді құрылғыларды анықтауға

қолданылады. Мысалы, ұрланған құрылғылар желіге қатынасқаннан

блокталуы мүмкін. Құрылғының IMEI нөмірін батарея астында көруге

болады.