Nokia 5228 - Ақаулықтарды жою

background image

19. Ақаулықтарды жою

Құрылғы туралы жиі қойылатын сұрақтарды қарау үшін www.nokia.com/

support торабындағы өнімді қолдау беттерін қараңыз.

С: Кілт, PIN немесе PUK кодтарының құпия сөзі қандай?

Ж: Әдепкі кілт коды — 12345. Егер оны ұмытып қалсаңыз, құрылғы дилеріне

хабарласыңыз. Егер PIN немесе PUK кодын ұмытып қалсаңыз немесе егер

осындай кодты алмаған болсаңыз, желі провайдеріне хабарласыңыз.

Кілтсөздер туралы ақпарат үшін қол жеткізу нүктесінің провайдеріне, мысалы,

коммерциялық Интернет провайдеріне немесе желі провайдеріне

хабарласыңыз.

С: Жауап бермейтін бағдарламаны қалай жабамын?

Ж: Мәзірн пернесін басып, ұстап тұрыңыз. Бағдарлама белгішесін таңдап,

ұстап тұрып, Выйти таңдаңыз.

С: Суреттер неге бұлдыр көрінеді?

Ж: Камера линзасын қорғау терезелері таза екенін анықтаңыз.

Ақаулықтарды жою

© 2010 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

124

background image

С: Неге құрылғыны қосқан сайын көрініп-жоғалатын, түссіз немесе

жарық нүктелер экранға шыға береді?

Ж: Бұл — осы дисплей түріне тән. Кейбір дисплейлерде қосулы немесе

ажыратулы болатын нүктелер болуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай, ақаулық

емес.

С: Bluetooth байланысын пайдалану арқылы досымның құрылғысын

неге таба алмаймын?

Ж: Екі құрылғының сыйысымдылығын, Bluetooth байланысы ске қосылғанын

және жасырын күйде болмағанын тексеріңіз. Екі құрылғы арасындағы

қашықтықтың 10 метрден аспайтынын және құрылғылар арасында ешбір

қабырға немесе басқа кедергі жоқтығын тексеріңіз.

С: Bluetooth байланысын неге тоқтата алмаймын?

Ж: Егер құрылғыға басқа құрылғы қосылған болса, басқа құрылғыдан

қосылымды аяқтауға болады немесе құрылғыдағы Bluetooth байланысын

ажыратуға болады. Меню > Параметры және Связь > Bluetooth >

Bluetooth > Откл. тармақтарын таңдаңыз.

С: Жады толып қалса не істеймін?

Ж: Жадтан элементтерді жойыңыз. Егер бір уақытта бірнеше элементті

жойған кезде Недостаточно памяти. Удалите часть данных. немесе

Свободная память заканчивается. Удалите часть данных из памяти

телефона. көрсетілсе, ең кіші элементтерден бастап элементтерді бір-бірлеп

жойыңыз.

С: Хабарым үшін контактіні неге таңдай алмаймын?

Ж: Контакті картасында телефон нөмірі, мекенжай немесе электрондық

пошта мекенжайы жоқ. Меню > Контакты және тиісті контактіні таңдап,

контакті картасын өзгертіңіз.

Ақаулықтарды жою

© 2010 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

125

background image

С: Құрылғы деректер қосылымын қайталап бастаған кезде деректер

қосылымын қалай тоқтатамын?

Ж: Құрылғы мультимедиалық хабар орталығынан мультимедиалық хабарды

шығарып алу әрекетін орындап жатуы мүмкін. Құрылғының деректер

қосылымын жасауын тоқтату үшін Меню > Сообщения және Функции >

Параметры > Сообщение MMS > Прием MMS таңдаңыз. Мультимедиалық

хабар орталығының кейін шығарып алынатын хабарларды сақтауы үшін

Вручную таңдаңыз немесе барлық кіресін мультимедиалық хабарларды

елемеу үшін Откл. таңдаңыз. Егер Вручную таңдасаңыз, мультимедиалық

хабар орталығына жаңа хабар түскен кезде хабарландыру аласыз. Егер Откл.

таңдасаңыз, құрылғы мультимедиалық хабарларға қатысты желі

қосылымдарын жасамайды. Тек қажетті бағдарламаны немесе әрекетті

бастаған кезде құрылғыны пакеттік деректер қосылымын пайдалануға орнату

үшін Меню > Параметры және Связь > Админ. парам. > Пакетн. данные >

Пакетное подключ. > По требованию таңдаңыз. Егер бұл жәрдем бермесе,

құрылғыны өшіріп, қайта қосыңыз.

С: Nokia құрылғысын факс модемі ретінде сыйысымды

компьютермен пайдалана аламын ба?

Ж: Құрылғыны факс модемі ретінде пайдалануға болмайды. Дегенмен,

қоңырауды бұрумен (желі қызметі) кіресін факс қоңырауларын факс нөміріне

бұруға болады.

С: Бейнебетті қалай реттеймін?

Ж: Бейнебетті өндіруші реттеген. Егер экранды қайта реттеу қажет болса,

Меню > Параметры және Телефон > Сенсорный ввод > Калибровка экрана

опцияларын таңдаңыз. Нұсқауларды орындаңыз.

С: Қотарылған бағдарламаны орнатқан кезде неге қате хабарын

Срок действия сертификата истек немесе Срок действия

сертификата еще не начался аламын?

Ж: Егер Срок действия сертификата истек немесе Срок действия

сертификата еще не начался көрсетілсе, тіпті куәлік жарамды болғанның

Ақаулықтарды жою

© 2010 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

126

background image

өзінде құрылғының ағымдағы күні мен уақытының дұрыстығын тексеріңіз.

Құрылғыны бірінші рет іске қосқан кезде күні мен уақытын орнатуды өткізіп

жіберген шығарсыз немесе ұялы желі осы параметрлерді құрылғыға жаңарта

алмаған болар. Бұны шешу үшін Меню > Параметры және Телефон > Упр.

телефоном > Исходные параметры таңдаңыз. Зауыттық параметрлерді

қалпына келтіріп, құрылғыны қайта іске қосқан кезде дұрыс күні мен уақытын

орнатыңыз.