Bluetooth байланысы туралы
Bluetooth байланысымен, басқа үйлесімді құрылғылармен, мысалы, ұялы
телефондармен, компьютерлермен, шағын гарнитуралармен және
автомобиль жинақтарымен сымсыз байланыс орнатуыңызға болады.
Қосылымды суреттер, бейне мен дыбыстық клиптерді және жазбаларды,
үйлесімді компьютерден файлдарды жібере және суреттерді үйлесімді
принтерден басып шығара аласыз.
Bluetooth сымсыз технологиясы бар құрылғылар радио толқындар арқылы
байланыс жасайтындықтан, олар көзге көрінбейді. Дегенмен, олар бір-бірінен
10 метрдей (33 фут) қашықтықта болуы керек, бірақ қосылымға қабырғалар
секілді бөгеттер немесе басқа электрондық құрылғылар кедергі жасауы
мүмкін.
Бұл құрылғы 2.0 + EDR Bluetooth сипатына сәйкес келеді және келесі
профильдерді қолдайды: жетілдірілген дыбыс тарату, дыбысты/бейнені
қашықтан басқару, қарапайым кескін өңдеу, құрылғыны анықтау, нөмір теру
арқылы желіге кіру, файл тасымалдау, жалпы дыбыс/бейне тарату,
хэндсфри, құлақаспап, нысан жіберу, телефон кітабына қол жеткізу, SIM
картасына қол жеткізу және стерео дыбыс ағыны . Bluetooth технологиясын
қолдайтын басқа да құрылғыларымен өзара байланысты қамтамасыз ету
үшін Nokiа мақұлдаған қосымша аспаптарды ғана пайдаланыңыз. Осы
құрылғының басқа құрылғылардың өндірушілерімен бірге үйлесімділігін
қамтамасыз етіңіз.
Bluetooth технологиясын қолдану мүмкіндігі батареяның қуатына талаптарды
арттырады және батареяның қызмет ету уақытын қысқартады.
Құрылғы кілттенген кезде, рұқсат етілген құрылғыларға ғана қосылуға
болады.