Контактілерге арналған қоңырау үндері, кескіндер
мен қоңырау мәтіндері
Контактіге немесе топқа қоңырау үнін және контактіге кескін немесе қоңырау
мәтінін тағайындауға болады. Контакт қоңырау шалған кезде, құрылғыда
таңдалған қоңырау үні ойнатылып, қоңырау мәтіні мен кескін көрсетіледі (егер
қоңырау шалушының нөмірі қоңыраумен бірге жіберіліп, құрылғыда танылса).
Контактіге немесе контактілер тобына қоңырау үнін тағайындау үшін,
контактіні немесе контактілер тобын таңдап, Функции > Мелодия сигнала
тармағын, одан кейін қоңырау үнін таңдаңыз.
Контактіге қоңырау мәтінін тағайындау үшін, контактіні таңдап, Функции >
Добав. текст уведомл. тармағын таңдаңыз. Қоңырау мәтінін енгізу үшін, мәтін
жолын түртіп,
тармағын таңдаңыз.
Құрылғы жадында сақталған контактіге кескін қосу үшін, контактіні таңдап,
Функции > Добавить изображение тармағын, одан кейін галерея ішінен
кескінді таңдаңыз.
Қоңырау үнін алып тастау үшін, қоңырау үндері тізімінен Стандартная
мелодия тармағын таңдаңыз.
Контакті кескінін көру, өзгерту немесе оны алып тастау үшін, контактіні
таңдап, Функции > Изображение тармағын, одан кейін қалаған параметрді
таңдаңыз.