
SIM контактілері
SIM картасында сақталған аттар мен нөмірлерді контактілер тізімінде
көрінетіндей етіп реттеу үшін, Функции > Параметры > Показать контакты >
Память SIM-карты тармағын таңдаңыз. SIM контактілерін қосуға, өңдеуге
немесе оларға қоңырау шалуға болады.
Контактілер тізіміне сақталған нөмірлер автоматты түрде SIM картасына
сақталмауы мүмкін. Нөмірлерді SIM картасына сақтау үшін, контактіні және
Функции > Скопировать > Память SIM тармағын таңдаңыз.
Енгізілген контактілердің телефонға немесе SIM картасына сақталуын таңдау
үшін, Функции > Параметры > Память по умолчанию > Память телефона
немесе Память SIM-карты тармағын таңдаңыз.