Музыканы мына әдістермен тасымалдауға болады:
● Музыка файлдарын басқару және реттеу мақсатымен Nokia Ovi Player
ойнатқышын орнату үшін, www.ovi.com торабынан компьютер
бағдарламалық құралын жүктеп алып, нұсқауларды орындаңыз.
● Құрылғыны компьютерде кез келген дерек файлдарын тасымалдауға
болатын жалпы жад құрылғысы ретінде көру үшін, үйлесімді USB деректер
кабелі немесе Bluetooth байланыс мүмкіндігі арқылы байланыс
орнатыңыз. USB деректер кабелі жалғанса, байланыс режимінде
Накопитель опциясын таңдаңыз. Құрылғыға үйлесімді жад картасын салу
керек.
● Музыканы Windows Media Player ойнатқышымен қадамдастыру үшін,
үйлесімді USB деректер кабелін жалғап, байланыс режимі ретінде
Передача м-файлов параметрін таңдаңыз. Құрылғыға үйлесімді жад
картасын салу керек.
Әдепкі USB байланыс режимін өзгерту үшін, Меню > Параметры және
Связь > USB > Режим подключ. USB тармағын таңдаңыз.
Nokia Ovi Player
Nokia Ovi Player ойнатқышымен Ovi Music қызметінен музыка жүктеп
алуыңызға, музыканы құрылғыға комьютерден тасымалдауға және музыка
файлдарын басқаруға және реттеуге болады. Nokia Ovi Player ойнатқышын
жүктеп алу үшін, www.ovi.com торабына өтіңіз.
Музыка
© 2010 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
70
Музыка қотару үшін Интернет қосылымы қажет.
Компьютер мен ұшқыр құрылғы арасында музыка қотару,
тасымалдау және басқару
1. Компьютерде Nokia Ovi Player ойнатқышын ашыңыз. Музыканы қотару
қажет болса, тіркеліңіз немесе қызметке кіріңіз.
2. Құрылғыны комьютерге үйлесімді USB деректер кабелімен қосыңыз.
3. Құрылғыдағы қосылым режимін таңдау үшін, Передача м-файлов
опциясын таңдаңыз.