Nokia 5228 - Сенсорлы экран әрекеттері

background image

Сенсорлы экран әрекеттері

Түрту және қос түрту

Сенсорлы экранда қолданба немесе басқа элементті ашу үшін, әдетте оны

саусақпен немесе басқа қаламмен түртесіз. Алайда, төмендегі элементтерді

ашу үшін, оларды екі рет түрту керек.

Маңызды: Құрылғыны қолдану үшін Nokia мақұлдаған мәнерлерді ғана

қолданыңыз. Басқа мәнерлерді қолдану кез келген кепілдемені жарамсыз

қылып, сенсорлық экранға зиян келтіруі мүмкін. Сенсорлы экран бетінің

сызылуына жол бермеңіз. Экран бетінде жазу үшін қалам, қарындаш және

басқа да үшкір заттарды пайдаланбаңыз.
● Хабарлар ішіндегі папка тізімінің Жобалар папкасы сияқты элементтерді

қолданбада тізу

Кеңес: Тізім көрінісін ашқанда, алғашқы элемент белгіленіп тұрады.

Белгіленген элементті бір рет түртіп ашыңыз.

● Тізім көрінісі түрін пайдаланғанда мәзірдегі қолданбалар мен папкалар
● Файл тізіміндегі файлдар, мысалы, Галерея папкасының кескіндер мен

бейнелер көрінісіндегі кескін
Файлды немесе соған ұқсас элементті бір рет түртсе, ол ашылмай, тек

белгіленеді. Элемент үшін қол жетімді опцияларды көру үшін, Функции

опциясын таңдаңыз немесе бар болса, құралдар тақтасынан бір белгішені

таңдаңыз.

Таңдау

Осы пайдаланушы құжаттамасында қолданбаларды немесе элементтерді бір

немесе екі рет түртіп ашу «таңдау» деп аталады. Бірнеше элементті бірізді

түрде таңдау керек болса, таңдалатын мәзір элементтері көрсеткілермен

бөлінеді. Функции > Справка тармағын таңдау үшін, алдымен Функции

параметрін, одан кейін Справка параметрін түртіңіз.

Пайдалануға дайындық

© 2010 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

23

background image

Сүйреу

Сүйреу үшін саусағыңызды немесе қаламды экранға қойып, оны экранда

сырғытыңыз. Веб-бетте жоғары немесе төмен жылжу үшін, бетті саусақпен

немесе қаламмен сүйреңіз.

Жүргізу

Жүргізу үшін, саусақты немесе қаламды экранның бетімен солға немесе оңға

жүргізіңіз. Кескін көріп жатқанда, алдыңғы немесе келесі кескінге өту үшін,

кескінді тиісінше солға немесе оңға жүргізіңіз.
Сенсорлы экранның құлпын ашу үшін

сырғытыңыз. — Сенсорлы экранның құлпын ашу

үшін, мәзір немесе қуат пернесін басып, оңнан

солға қарай сырғытыңыз.
Сенсорлы экранның құлпын ашу және қоңырау

үнін өшіру үшін сырғытыңыз. — Қоңырауға жауап

берместен сенсорлы экран құлпын ашу үшін, оңнан солға сырғытыңыз.

Қоңырау үні автоматты түрде өшеді. Қоңырауға жауап беру үшін қоңырау соғу

пернесін басыңыз немесе қабылдамау үшін аяқтау пернесін басыңыз.
Қоңырауға жауап беру үшін сырғытыңыз — Түсетін қоңырауға жауап беру

үшін, солдан оңға сырғытыңыз.
Дабылды тоқтату үшін сырғытыңыз. — Ойнап тұрған дабылды тоқтату үшін,

солдан оңға сырғытыңыз. Дабылды қайталау үшін, оңнан солға сырғытыңыз.

Жылжу

Жылжу жолағы бар тізімдерде жоғары немесе төмен жылжу үшін, жылжу

жолағының сырғытпасын сүйреңіз.
Кейбір тізім көріністерінде тізім элементіне саусағыңызды немесе қаламды

қою және жоғары немесе төмен сүйреу арқылы жылжытуға болады.

Контактілердің бойымен жылжу үшін, саусағыңызды немесе қаламды

контактіге қойып, жоғары немесе төмен сүйреңіз.

Пайдалануға дайындық

© 2010 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

24

background image

Кеңес: Белгішенің қысқа сипаттамасын көру үшін, саусағыңызды

немесе қаламды белгішенің үстіне қойыңыз. Сипаттама барлық

белгішелерге берілмейді.

Сенсорлы экранның артқы фон жарығы

Сенсорлы экранның артқы фон жарығы біраз уақыт әрекетсіздіктен кейін

сөнеді. Экранның артқы фон жарығын қосу үшін, экранды түртіңіз.
Сенсорлы экран мен пернелер құлыптаулы болса, экранды түрту экранның

артқы фон жарығын қоспайды. Сенсорлы экран мен пернелердің құлпын ашу

үшін, бекіту қосқышын сырғытыңыз.