SIM картасын салу
Маңызды: SIM-картаға зиян келтірудің алдын алу үшін, әрқашан
картаны салудан немесе алудан бұрын батареяны алыңыз.
Маңызды: Шағын UICC SIM картасын (Micro SIM картасы деп те
аталады), адаптерге салынған Micro SIM картасын немесе шағын UICC
картасына арналған ойығы (суретті қараңыз) бар SIM картасын бұл
құрылғыда пайдалануға болмайды. Micro SIM картасы стандартты SIM
картасынан кішірек болады. Бұл құрылғы Micro SIM карталарын қолдамайды.
Қолдау көрсетілмейтін SIM карталарын пайдалану картаны немесе
құрылғыны және картадағы деректерді зақымдауы мүмкін.
SIM картасы құрылғыға салынып қойған болуы мүмкін. Олай
болмаса, төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
Пайдалануға дайындық
© 2010 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
14
1. SIM картасы ұясының қақпағын ашыңыз.
2. SIM картасын SIM картасының ұясына
салыңыз. Картаның түйіспе аймағы
жоғары қаратылғанын тексеріңіз.
Картаны ішке қарай итеріңіз.
3. SIM картасы ұясының қақпағын
жабыңыз. Қақпақ дұрыс жабылғанын
тексеріңіз.
SIM картасы орнына дұрыс салынбаса,
құрылғыны тек желіден тыс профильде ғана қолдануға
болады.