Телефон және SIM карта
Меню > Параметры және Телефон > Упр. телефоном > Парам. защиты >
Телефон и SIM-карта тармақтарын таңдаңыз.
Мыналардың бірін таңдаңыз:
● Запрос кода PIN — Белсенді болғанда, құрылғы қосылған сайын код
сұралады. Кейбір SIM карталарада PIN код сұрауын өшіру рұқсат етілмеуі
мүмкін.
● Код PIN және Код PIN2 — PIN және PIN2 кодтарын өзгертіңіз. Бұл кодтарда
сандар ғана болуы керек. Төтенше жағдай нөміріне кездейсоқ қоңырау
шалуды болдырмау үшін төтенше жағдай нөмірлері сияқты кіру кодтарын
пайдаланбаңыз. PIN немесе PIN2 кодты ұмытсаңыз, провайдеріңізге
хабарласыңыз. Құлыптау кодын ұмытсаңыз, Nokia Care орталығына
немесе провайдеріңізге хабарласыңыз.
● Код блокировки — Құлыптау коды құрылғының құлпын ашу үшін
пайдаланылады. Құрылғыны рұқсат етілмеген пайдалануды болдырмау
үшін, құлыптау кодын өзгертіңіз. Алдын ала орнатылған код - 12345. Жаңа
кодтың ұзындығы 4-255 таңбаға дейін бола алады. Алфавиттік-сандық
таңбаларды және бас әріптерді де, кіші әріптерді де пайдалануға болады.
Құрылғы құлыптау кодының пішімі дұрыс емес болса хабарлайды. Жаңа
кодты құпия және құрылғыдан бөлек сақтаңыз.
● Период автоблокировки — Рұқсат етілмеген пайдалануды болдырмау
үшін, құрылғы автоматты түрде құлыпталатын уақытты орнатуға болады.
Құлыптау кодын енгізгенше, құлыпталған құрылғыны пайдалану мүмкін
емес. Автоқұлыптауды өшіру үшін, Нет пәрменін таңдаңыз.
● Блокир. при смене SIM — Құрылғыда құрылғыға белгісіз SIM карта
салынғанда құлыптау кодын сұрауды орнатыңыз. Құрылғы иенің
карталары ретінде танылатын SIM карталардың тізімін сақтайды.
● Удалённая блок. тлф — Қашықтан құлыптауды қосыңыз немесе өшіріңіз.
● Закрытая группа — Сіз және сізге қоңырау шалатын адамдар тобын
белгілеңіз (желі қызметі).
● Подтвердить услуги SIM — Құрылғыда SIM қызметін пайдаланғанда (желі
қызметі) құптау хабарларын көрсетуді орнатыңыз.
Параметрлер
© 2010 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
117