
Электрондық пошта қызметі
Nokia құрылғысындағы электрондық пошта қызметі пайдаланып жүрген
электрондық поштаңыздың мекенжайын автоматты түрде құрылғыға
жібереді. Электрондық пошта хабарларын жүріп бара жатып оқуға, оларға
жауап беруге және реттеуге болады. Қызмет көбіне жеке электрондық
пошталар үшін пайдаланылатын Интернеттегі электрондық пошта
провайдерлерінің бірқатарымен жұмыс жасайды. Қызметті пайдаланғанда,
деректерге ақы алынуы мүмкін. Ақы туралы ақпаратты қызмет провайдерінен
алыңыз.
Хабарлар
© 2010 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
56

Nokia құрылғысында электрондық пошта параметрлерін реттеу
1. Меню > Приложен. > Маст. нстр. тармағын таңдаңыз.
2. Параметрлер шебері бірінші рет ашылғанда, қызмет провайдері
параметрлерінен кейін электрондық пошта параметрлерін анықтау
сұралады. Параметрлер шеберін бұрын пайдаланған болсаңыз,
Настройка эл/п пәрменін таңдаңыз.
3. Электрондық пошта қызметін қосу үшін, пайдалану шарттарын
қабылдаңыз.
Қосымша ақпаратты nokia.com/messaging веб-торабынан қараңыз.