Қайта өңдеу
Осы құрылғының жарамдылық мерзімі біткенде, барлық
материалдарын жаңа материалдар мен қуат ретінде қалпына
келтіруге болады. Дұрыс тастау және қайта пайдалану кепілдігін
беру үшін, Nokia компаниясы серіктестерімен «We:recycle»
бағдарламасы аясында бірігіп жұмыс істейді. Ескі Nokia өнімдерін
тастау және жинау жерлерін табу жолдары туралы ақпарат алу
үшін, www.nokia.com/werecycle веб-тораптарына немесе мобильді байланыс
құралын пайдаланып nokia.mobi/werecycle веб-торабына өтіңіз немесе Nokia
байланыс орталығына хабарласыңыз.
Орамалар мен нұсқаулық қағаздарын жергілікті қайта өңдеу схемасы
бойынша қайта өңдеңіз.
Қоршаған ортаны қорғау
© 2010 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
127
Өнімдегі, батареядағы, әдебиеттегі немесе қаптамадағы сызылып
тасталған қоқыс шелегі электрлік және электрондық өнімдер,
батареялар және аккумуляторлар қолданыстан шыққан соң бөлек
жиналу керектігін білдіреді. Бұл талаптар Еуропалық Одақ аумағында
қойылады. Бұл өнімдерді сұрыпталмаған тұрмыстық қалдықтар ретінде
жоймаңыз. Құрылғыңыздың экологиялық мәліметтері туралы қосымша
ақпарат алу үшін, www.nokia.com/ecodeclaration торабын қараңыз.