Дауыспен нөмір теру
Құрылғы контактілер үшін дауыс белгісін автоматты түрде жасайды. Қосылған
дауыс белгісін тыңдау үшін контактіні және Функции > Инф. о голосовой
метке таңдаңыз. Контакті мәліметтеріне өтіп, Функции > Воспр. голосовую
метку таңдаңыз.
Дауыс белгісімен қоңырау шалу
Ескерім: Дауыс белгісін шулы ортада немесе шұғыл жағдайда қолдану
қиын болуы мүмкін. Сондықтан, нөмірді дауыспен теру мүмкіндігі барлық
жағдайларда қолайлы болмауы мүмкін.
Дауысты теруді пайдаланған кезде үндеткіш пайдаланылады. Дауыс белгісін
айтқан кезде құрылғыны әрі ұстаңыз.
1. Дауысты теруді бастау үшін бастапқы экранда қоңырау шалу пернесін
басып, ұстап тұрыңыз. Егер құлақаспап пернесімен сыйысымды
құлақаспап тіркелген болса, дауысты теруді бастау үшін құлақаспап
пернесін басып, ұстап тұрыңыз.
2. Қысқа үн естіледі және Говорите көрсетіледі. Контакті үшін сақталған атты
анық айтыңыз.
3. Құрылғы таңдалған құрылғы тіліндегі танылған контакті үшін қосылған
дауыс белгісін ойнатып, аты мен нөмірін көрсетеді. Дауыспен теруді
болдырмау үшін Выйти таңдаңыз.
Егер аты үшін бірнеше нөмір сақталған болса, ұялы телефоны немесе
телефоны сияқты аты мен нөмір түрін айтуға болады.