Nokia 5228 - Автономдық профиль

background image

Автономдық профиль

Автономдық профиль құрылғыны сымсыз ұшқыр желіге қосылусыз

пайдалануға мүмкіндік береді. Автономдық профиль белсенді болғанда,

құрылғыны SIM картасыз пайдалануға болады.
Автономдық профильді іске қосу — Қуат түймешігін аз уақыт басып,

Автономный пәрменін таңдаңыз.
Автономдық профильді белсендіргенде, ұшқыр желіге қосылым жабылады.

Құрылғыдан ұшқыр желіге шығатын және құрылғыға келетін барлық радио

жиілік сигналдары тоқтатылады. Ұшқыр желіні пайдаланып хабарларды

жіберуге әрекет жасасаңыз, олар кейінірек жіберу үшін, «Шығыс» қалтасына

орналастырылады.

Маңызды: Дербес режимінде сіз қоңырау шала не қабылдай алмайсыз

немесе ұялы желі ауқымында қажет етілетін басқа да мүмкіндіктерді

пайдалана алмайсыз. Қоңыраулар сіздің құрылғыңыздағы бағдарламаға

салынған ресми жедел жәрдем нөмірі үшін әлі де мүмкін. Қоңырау шалу үшін

алдымен режимді өзгерту арқылы телефон функциясын іске қосу қажет. Егер

құрылғы кілттелген болса, кілттеу кодын енгізіңіз.