Nokia 5228 - Ескі құрылғыдан контактілер мен суреттерді көшіру

background image

Ескі құрылғыдан контактілер мен суреттерді көшіру

Алдыңғы үйлесімді Nokia құрылғысындағы маңызды ақпаратты көшіріп, жаңа

құрылғыны тезірек пайдаланғыңыз келе ме? Перенос данных қолданбасын

пайдаланып контактілерді, күнтізбе жазбаларын, суреттерді және т.б. жаңа

құрылғыға тегін көшіріңіз.
Меню > Приложен. > Настр. тел. және Прдч данных тармақтарын таңдаңыз.
Егер ескі Nokia құрылғыңызда Перенос данных

қолданбасы болмаса, жаңа құрылғы оны хабар

арқылы жібереді. Ескі құрылғыдан хабарды

ашып, нұсқауларды орындаңыз.
1. Қосылу керек құрылғыны таңдап,

құрылғыларды жұптаңыз. Bluetooth

байланысын іске қосу керек.

2. Басқа құрылғы талап етсе, рұқсат кодын

енгізіңіз. Өзіңіз белгілейтін рұқсат коды екі

құрылғыда да енгізілуі тиіс. Кейбір

құрылғыларда рұқсат коды бекітілген болады.

Толық ақпарат алу үшін құрылғының

пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
Рұқсат коды тек ағымдағы байланыс үшін

жарамды болады.

3. Мазмұнды таңдап, OK түймесін таңдаңыз.