
Жылдам түймешіктер
Ашық қолданбалардың арасында ауысу үшін, мәзір пернесін басып тұрыңыз.
Қолданбаларды өңде іске қосылған етіп қалдыру батарея қуатын көбірек
алады және батареяның қызмет ету уақытын азайтады.
Веб-қосылымды (желі қызметі) бастау үшін, терушіде 0 санын түртіп, ұстап
тұрыңыз.
Медиа тақтасындағы музыка ойнатқыш және веб-шолғыш сияқты
қолданбаларды ашу үшін, кез келген көріністе медиа пернені басыңыз.
Профильді өзгерту үшін, қуат пернесін басып, профильді таңдаңыз.
Дауыстық поштаға (желі қызметі) қоңырау шалу үшін, терушіде 1 санын түртіп,
ұстап тұрыңыз.
Құрылғы
© 2010 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
30

Терілген нөмірлердің тізіміне өту үшін, негізгі экранда қоңырау пернесін
басыңыз.
Дауыстық пәрмендерді пайдалану үшін, негізгі экранда қоңырау шалу
пернесін басып, ұстап тұрыңыз.