Бейне клиптерін көру және жүктеп алу
Бейне қызметтеріне жалғану
1. Меню > Приложен. > Видеоцентр белгішесін басыңыз.
2. Бейне қызметтерін орнату мақсатында қызметке қосылу үшін, Добавл.
новых служб параметрін және қызметтер каталогынан керекті бейне
қызметін таңдаңыз.
Бейне клип көру
Орнатылған бейне қызметтерінің мазмұнын шолу үшін, Каналы видео
параметрін таңдаңыз.
Кейбір бейне қызметтерінің мазмұны санаттарға бөлінген. Бейне клиптерді
шолу үшін, санатты таңдаңыз.
Қызметтен бейне клип іздеу үшін, Поиск видео параметрін таңдаңыз. Іздеу
мүмкіндігі барлық қызметтерде бола бермейді.
Кейбір бейне клиптер сымсыз түрде жіберіледі, алайда кейбіреулерін
алдымен құрылғыға жүктеп алу керек болады. Бейне клипті жүктеп алу үшін,
Функции > Загрузить тармағын таңдаңыз. Қолданбадан шыққан жағдайда,
жүктеп алу процесі артқы фонда жалғасады. Жүктеп алынған бейне клиптер
Бейнелерім папкасында сақталады.
Nokia бейне орталығы
© 2010 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
84
Бейне клипті жіберу немесе жүктеп алынғанды көру үшін, Функции >
Воспроизвести тармағын таңдаңыз. Бейне клип ойнатылып жатқанда,
плейерді басқаратын басқару пернелерін пайдалану үшін, экранды түртіңіз.
Дыбыс деңгейін реттеу үшін, дыбыс деңгейінің пернесін басыңыз.
Ескерту Үнемі аса көтеріңкі деңгейдегі дыбысты тыңдау есту
қабілетіңізге нұқсан келтіруі мүмкін. Әуенді орташа деңгейде тыңдап,
дауысзорайтқышты пайдаланғанда құрылғыны құлағыңызға жақын
ұстамаңыз.
Функции және төмендегілерінің бірін таңдаңыз:
● Возобновить загрузку — Кідіртілген немесе орындалмаған жүктелімді
жалғастырыңыз.
● Отменить загрузку — Жүктелімнен бас тартыңыз.
● Предварит. просмотр — Бейне клипті алдын ала көрсетеді. Бұл опцияны
қызмет қолдаса ғана пайдалануға болады.
● Сведения о канале — Бейне клип туралы ақпаратты көріңіз.
● Обновить список — Бейне клиптер тізімін жаңартады.
● Откр. ссылку в обозр. — Веб-шолғышта сілтемені ашады.
Жүктелімдерді жоспарлау
Бейне клиптерді автоматты жүктеп алу үшін қолданба орнату қызмет
провайдерінің желісі арқылы көп мөлшерде деректердің тасымалдануын
қажет етуі мүмкін. Деректер тасымалдау ақысы туралы ақпаратты
провайдерден сұрап біліңіз. Қызметте бейне клиптердің автоматты жүктеп
алынуын жоспарлау үшін, Функции > Расписание загрузок тармағын
таңдаңыз. Бейне орталығы белгіленген уақытта жаңа бейне клиптерді
автоматты жүктеп алады.
Жоспарланған жүктелімдерден бас тарту үшін, жүктеп алу әдісі ретінде
Ручная загрузка опциясын таңдаңыз.